Хабиб ұшақтан неге шығарылғанын түсіндірді
Фото: inst/khabib_nurmagomedov
UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram парақшасында неліктен рейстен шығарылғанын айтып, ұшақ бортындағы оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нурмагомедовтың айтуынша, әлеуметтік желіде тараған бейнеде бортсерік кіре сала дөрекілік көрсеткен. Ұшақтан шығаруға не себеп болғанын Хабибтің өзі де білмейді.
«Мен ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейтініме, бәрін түсінетініме және көмектесуге келіскеніме қарамастан, маған сұрақпен келген әйел өзін өте дөрекі ұстады. Мен бұған не себеп болғанын білмеймін — нәсілдік, ұлттық немесе жеке өшпенділік пе», деп жазды Нурмагомедов.
Екі минуттық әңгімеден кейін бортсерік қауіпсіздік қызметіне қоңырау шалып, Хабибті ұшақтан түсірді. 1,5 сағаттан кейін спортшы басқа әуе компаниясына ауысып, баратын жағына ұшып кетті.
«Мен адамдар мейірімдірек болса екен деп тілеймін», деді Хабиб.
Жаңалықтар
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды