ХҚКО жұмысында техникалық ақаулар орын алды

cover Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында ақаулар орын алды

Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталығындағы электронды жүйеден ақау шықты. Ақпаратты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ растады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

ХҚКО-ға келген елордалықтар жүйедегі олқылықтарға шағымданды. Айтуларынша, ғимаратта халық көп болған, ал кезек қозғалмаған. Азаматтарға жүйенің ақауы бар екені және бүгін оның жөнделмейтіні хабарланды.

– «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен мемлекеттік корпорацияның мамандары мәселені шешумен айналысуда. Біз азаматтардан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады «ҰАТ» АҚ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар