Гүлшара Әбдіқалықоваға "Ханның қызысыз ба?" деген әйел ұсталды

cover

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы "ханның қызы" деп атаған әйел ұсталды.

Азаматтық белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованың достары мен туыстары оның қауіпті қылмыскер ретінде ұсталуының себебін түсінбей, құқық қорғау органдарынан түсінік беруін талап етіп жатыр.

Қызылорда полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Алайда олар тергеу құпиясын алға тартып, әйелдің нақты қандай күдікке ілінгенін айтпады.

2020 жылы Қызылорда облысында сол кездегі әкім Гүлшара Әбдіқалықова жүрген ауруханаға баратын жол жабылды. Бұған ашуланған әйел шенеуніктен "Ханның қызысыз ба, жолды жаптыратын?" деп сұрайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар