Грузияда Әсел Айтпаеваны зорлаған күдікті неден қайтыс болды?

cover

Қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлаған күдікті Бесик Тордуа инфаркттан қайтыс болуы мүмкін.

Бұл туралы Orda.kz Sputnik Грузияға сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылы 28 мамырда күдікті медициналық тексерістен өткен кезде оған артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Ол дәрігердің бақылауында болған.

30 маусымда ер адамның басы ауырып, есінен танып қалған. Салдарынан сөйлеу қабілеті бұзылып, қан қысымы жоғарылаған.

Ол лезде азаматтық емханаға жеткізілген. Онда Тордуаға ми инфаркты диагнозы қойылған.

– Ауыр жағдайда болғанына байланысты айыпталушы жансақтау бөліміне жатқызылды, ем қабылдап, интенсивті бақылауда болды. Нейрохирургтың кеңесіне байланысты шұғыл операция жасау қажеттілігі туындады. Операциядан кейін науқастың жалпы жағдайы ауыр, гемодинамика көрсеткіштері тұрақсыз болып қала берді, - делінген пенитенциарлық қызметтің хабарламасында.

Науқасқа тиісті ем көрсетілген. Бірақ оның жағдайы оңалмаған. 14 шілде жүрек ырғағы бұзылып, артынша қайтыс болды.

– Жүрек-өкпе реанимациясы хаттамаға толық сәйкес басталды, бірақ жүректің механикалық функциясын қалпына келтіре алмады. Науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Әсел Айтпаеваны зорлаған күдікті Бесик Тордуаның мәйіті түрмеде табылды деген ақпарат шыққан.

Іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар