Грузияда көз жұмған Әселді туысы көлікке айырбастап жіберуі мүмкін бе?

cover

Тбилисиде белгісіз жағдайда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның  әріптестері марқұм туралы айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz. ақпараттық порталы  «Еуразия» арнасына сілтеме жасап. 

Өткен аптада денесі Грузияда табылған 26 жастағы Әсел Айтпаева сәуірдің аяғында шетелге жұмыс істеуге кеткен. Туысы келіншекке Джорджия қаласынан жұмыс тауып берген. Әсел ТМД елдеріне көлік жеткізетін компанияға жұмысқа орналасқан. Олар Әселге үй жалдап, тіпті жүргізуші де беруге уәде берген.

Әсел Айтпаеваны күдікті көлікке айырбастаған болуы мүмкін деген де болжам бар. Марқұмның анасы осындай мәлімдеме жасады. Анасы Айсұлу Айтбаева қызының өз-өзіне қол салғанына сенбейді.

— Бастапқыда ол туыстарының бірі Мұраттың үйінде тұрып жүрген. Мен «Кімен араласып жүрсің, кіммен таныстың?» деп сұрадым. Оның жанында Мұрат, Айдос және Тео есімді грузин қызы бірге жұмыс істеп жүрген, Бесо есімді грузин де болатын. Әсел олардың жақсы адамдар екенін айтқан, - дейді Әселдің туысы Айна Айтпаева. 

5 мамырға қараған түні Әсел қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. 

— Грузиядағы көршілерінің айтуынша, Әселмен бірге үйге екі грузин кірген. Бір адам инстаграмға «Менде ақпарат бар, туыстарымен байланыса аламын ба?» деп жазыпты. Мен оның WhatsApp нөміріне қоңырау шалдым. Ол Грузияда тұратынын және қызды біреудің терезеден итеріп жіберген видеосы бар екенін айтты, - дейді Айна Айтпаева. 

Әсел қайтыс болар алдында қыз құрбысына ұзақ аудио жазба жіберген. Аудиожазбада ер адам қызға сезімін білдіріп, оған қоқан-лоқы көрсеткен. Құрбысына жіберген дыбыстық жазбада Бесо есімді азаматпен арадағы әңгімені естуге болады. Ол біресе жас қызға ғашық екенін, біресе оның алдағанын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.

"- Мен ешкімнің қызметін қолданған жоқпын. - Мен сізге өзімде барлығы бар деп бірден айттым емес пе? - Қазір сенің үстіңе ыстық су құйып жіберемін. - Не үшін? - Қанша күннен бері мені алдап жүрсің? Қазір көз жасыңды төкпе. Мен жаныңда жүрмін. Жылама. Мен саған ғашық болып қалдым", - деген сөздер бар аудиожазбада. 

Шетелге кеткенге дейін Әсел фитнес-клубта әкімші болып жұмыс істеген. Жақын араласқан әріптестері Әсел туралы айтып берді.

— Әсел жауапкершілігі мол, өте көңілді қыз болатын. Оның көз жұмғанын естіген кезде мен қатты таң қалдым. Қоңырау шалып, нақты Әсел ме, емес пе анықтамақ болдым. Сіз біздің Әсел туралы айтып отырсыз ба? Оның соңына дейін күрескенін білемін, - дейді әріптесі Анаргүл Ахметова. 

Айна Айтпаева болса Әселдің өліміне тағы 3 адамның қатысы бар дейді. Оның арасында жұмысқа шақырған туысын да атады. Жақындары қызды шетелге апарып сатып жіберді деген нұсқаны да жоққа шығармайды. Олардың айтуынша, қызға Грузияда жұмыс тапқан туысы қазір Нұр-Сұлтанда тұрады. 

— Біз Мұраттың Қазақстанға шұғыл түрде қашқанын естідік. Оны полиция бөліміне екі рет шақыртқанымен, қамамапты. Ол полицейлерге керісінше «сендердің алдыларыңда есеп бермеймін» деп әкіреңдеген. Аудиожазбада оның да Әселді зорлағаны анық айтылған. Аудиожазбада Бесо «Сен неге ешнәрсе айтпадың? Сол туысқаның сені екі күн бойы зорлады емес пе?» дейді. Құзырлы органдарға жүгініп, ата-анасы арыз жазды. Бірақ күдіктіні әңгімелесуге шақырып, артынша босатып жіберген, - дейді Айна Айтпаева.

Грузия прокуратурасы Бесо Тордуа есімді азаматтың ұсталып, екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Құзырлы органдағылар оған «зорлық- зомбылық» жасады және «өз-өзіне қол жұмсауға» мәжбүрледі деген айып тағуда. Отандасымыз осы 57 жастағы азамат жалдап тұрған үйден құлаған.

Бұған дейән Грузия прокуратурасы Әселдің зорланғанына мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар