Грузияда халық қайтадан көтеріліп, президент резиденциясына шабуыл жасады
Фото: Envato
Грузияда қайтадан наразылықтар өршіп тұр, Тбилиси көшелеріне мыңдаған адам шықты, наразылар президент резиденциясына шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Грузия астанасы Тбилисиде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өтіп жатқан кезде жаппай наразылықтар басталды. Елде 2000-нан астам мәслихат (сакребуло) депутаты мен 64 мэр сайлауға түсіп жатыр.
Грузияның премьер-министрі Ираклий Кобахидзе биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары барлық муниципалитеттерде 70 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетіп жатқанын мәлімдеді.
Алайда бұл мәлімдемеден кейін Тбилиси көшелеріне мыңдаған адам шығып, наразылық шеруі басталды. Наразылар президенттің Орбелиани резиденциясын қоршап, ауласына баса-көктеп кірген. Полиция жағдайды бақылауға алу үшін қосымша күш тартып, көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолданды.
Сонымен қатар наразылардың бір бөлігі парламент ғимаратының алдына жиналып, жолды жауып тастап, Бостандық алаңына бет алды. Олар «Грузия! Грузия!» деп ұрандатып жүр. Грузия БАҚ-тарының хабарлауынша, зардап шеккендер бар.
Наразылық білдірушілердің негізгі талаптары: мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу,
Еуроодақпен жақындасу бағытын қайта жаңғырту, акция кезінде ұсталған барлық азаматтарды босату.
Оппозиция биліктегі «Грузин арманы» партиясын, оның негізін қалаушы Бидзина Иванишвили мен премьер-министр Ираклий Кобахидзені Ресеймен тым тығыз байланыста деп айыптап отыр.
Грузия ІІМ наразылық акциясы «заңмен белгіленген жиналыс пен манифестация шегінен шығып кетті» деп мәлімдеді.
Мамыр айында ҚР сыртқы істер министрлігі соңғы уақытта қазақстандықтардың Грузия аумағына кіруіне жиі тыйым салынып жатқанын, ал кейбіреулерінің кейін депортацияланғанын мәлімдеді.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Грузияға баратын қазақстандық туристер саны 21 625 адамға жеткен. Ел халықаралық қонақтар саны бойынша 9-шы орынды иеленіп, алғашқы ондықта тұр.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды