Германия Қазақстаннан мұнай импортын еселемекші
Фото: Ашық дереккөзден
Германия «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай жеткізу көлемін айына 200 мың тоннаға дейін арттыруға мүдделі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мамыр мен қазан айларында қазақстандық мұнай экспортының айлық көлемі Германияда 100 мың тонна болды. Өткен жылы бұл елге республикадан 993 мың тонна мұнай тасымалданған. «Германия тарабы Қазақстаннан жеткізілетін мұнай көлемін айына 200 мың тоннаға (жылына 2,4 миллион тонна) дейін арттыруға мүдделі», - деді ресми өкіл.
Ол Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне жетекші мұнай экспорттаушы елдердің бірі болып қала беретінін атап өтті. 2023 жылы еліміз ЕО-ға 46,6 млн тонна шикізат тасымалдады (бұл қазақстандық мұнай экспортының 66% дерлік). Оның негізгі тұтынушылары: Италия, Нидерланды, Греция, Франция, Түркия және Испания болды.
Сәтқалиев Қазақстанды Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді мұнай жеткізушісі екенін атап өтті.
«Біз мұндай ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», - деп қосты ол.
«Дружба» мұнай құбырының бағыты Ресей аумағы арқылы - Альметьевскіден Брянскке, одан кейін Беларусь Мозырына дейін өтеді, кейін ол екіге бөлінеді: солтүстік (Беларусь, Польша, Германия, Латвия және Литва аумағы арқылы) және оңтүстік (Украина, Чехия, Словакия, Венгрия және Хорватия территориясы арқылы).
Неміс билігі ресейлік энергетикалық ресурстардан бас тартуына байланысты жаңа шикізат жеткізушілерін белсенді түрде іздей бастады. 2022 жылдың желтоқсанында ресейлік «Транснефть» «Қазтрансойл» компаниясынан (ҚазМұнайГаз тобына кіретін) 2023 жылға 1,2 миллион тонна көлемінде Германияға транзит үшін «Дружба» қосымша қуатын сақтауға өтінім алғанын хабарлады. Жеткізу өткен жылдың ақпан айында басталды.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды