Германия азаматы мен алты қазақстандық құмар ойындарын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

cover

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша резонанстық іс сотта қаралып жатыр. Бұл туралы ORDA. Қаржы министрлігі ҚФМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

Қылмыстық істі тергеу өндіріспен аяқталды. Жеті күдікті Қылмыстық Кодекстің 262-бабы бойынша сотқа тартылды, олардың біреуі Герамния азаматы.

Күдіктілердің қылмыстық іс-әрекеттерінен түскен табыс мөлшері 800 миллионнан астам теңгені құраған. Қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар