Геннадий Головкин ҰОК қызметіне Тимур Құлыбаевтың орнына келді

cover

Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясы отырысында сайланды.

Қазақстандық боксшының кандидатурасы 14 ақпанда ұсынылды. Бүгін ол ресми түрде  Тимур Құлыбаевтың орнына ҰОК-ны басқарды. Құлыбаев Комитеттің президенті қызметін бұрынғыларға қарағанда ұзағырақ — тоғыз жыл атқарды.

Головкиннің көмекшілері:

Асқар Мамин – қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент;
Данияр Әбілғазин – жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент;
Андрей Крюков – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент ретінде;
Серік Сәпиев – Паралимпиадалық спортты дамыту жөніндегі вице-президент.
Сондай-ақ атқару комитеті құрамына Дмитрий Баландин, Болат Өтемұратов және Ербол Мырзабосынов кірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар