Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты

cover Фото: ҰОК

Танымал боксшы Геннадий Головкин Қазақстан ҰОК-тың спорттағы жемқорлық мәселесіне қатысты ұстанымы туралы айтты.

«Менің ұстанымым анық және бүкіл спорттық мансабымда өзгеріссіз қалады – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік және оның кез келген көріністеріне қатаң шаралар қолдану. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті спорттағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған кез келген шараларды қолдайтын болады»,- деді Геннадий Головкин.

Головкин ҰОК қоғамдық ұйым ретінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмауы керек деп санайды. Ал ҰОК өз тарапынан агенттікке спорттағы жемқорлықпен күресте жан-жақты көмек көрсетуі керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар