«Гедеон арбалары»: Израиль Газаға ауқымды шабуыл бастады
Фото: elements.envato.com
Өткен тәулікте Израиль әскерлері бүкіл сектор бойынша 150-ден астам «террористік нысанаға» шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz BILD басылымына сілтеме жасап.
«ЦАХАЛ Газадағы аумақтарға бақылау орнату үшін әскер жұмылдыруды және ауқымды соққыларды бастады» деп жазылған Израиль армиясының мәлімдемесінде.
Газадағы дереккөздер қала аумағында қуатты жарылыстар мен атыс басталғаны туралы хабарлайды. ХАМАС бақылауындағы азаматтық қорғаныс басқармасының ақпараты бойынша, таяуда соққы салдарынан кемінде жүз адам қаза тапқан.
«Гедеон арбалары» деп аталатын әскери операцияның жаңа кезеңі Дональд Трамптың Парсы шығанағы елдеріне сапары аяқталғаннан кейін басталды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жергілікті БАҚ-қа: «Таяу күндері біз Газа секторындағы әрекеттерді аяқтау үшін бар күшімізді саламыз», деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, ХАМАС барлық кепілге алынғандарды босату туралы ұсыныс жасаған жағдайда да жауынгерлік іс-қимылдар толық аяқталмайды.
Жаңарған әскери іс-қимылдарға байланысты гуманитарлық ұйымдар мен БҰҰ Газадағы аштық қаупі туралы ескертеді.
Биылғы сәуір айында ХАМАС делегациясы Каирге мысырлық делдалдармен 18 айлық соғысты аяқтау жолдары туралы келіссөз жүргізуге барған болатын.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды