Гүлшара Әбдіхалықова жерлестеріне үндеу жасады

cover

15 шілде күні коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймаққа енген Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова өз жерлестеріне үндеу жасады.

Бұл туралы Orda.kz хабаралайды.

Облыс әкімінің айтуынша, Қызылордада коронавирус инфекциясының 7783 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 946,4-ті құраған. Барлық тіркелген коронавирус инфекциясының 2,0 пайызы сырттан тасымалданған, 58,0 пайызы скринингтік тексеру нәтижесінде және 40 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

– Қадірлі жерлестерім, денсаулығымыз алдымен өзімізге керек екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Індетке тоқтам болуы үшін, тезірек мамыражай жақсы күнге жетуіміз үшін сіздерден жиын-той, ас беру, туристік саяхат, отбасылық көпшілік шараларды тоқтата тұруды және карантиннің қарапайым талаптарын (маска кию, антисептик құралдары, арақашықтықты сақтау) қатаң сақтауды, екпе алуды сұраймын, - дейді әкім өз үндеуінде.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар