Футболшы Исламхан екі жылға шеттетілді

cover

АФК тәртіптік комитеті қазақстандық футболшы, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ORDA KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

АФК-нің екі жылға дисквалификациялау туралы шешімі бүкіл футбол кеңістігін қамтыды. Осылайша, Исламхан ресми матчтарға қатыса алмайды. Екі жылдан кейін ойыншы 29 жаста болады.

Еске салайық, 9 қарашада футбол федерациясы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Азия Чемпиондар Лигасы аясында допинг-тестілеуден өткеннен кейін оның денесінде тыйым салынған препарат табылғанын хабарлады.

Кейінірек Азия футбол конфедерациясы (АФК) қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханды матчтардан шеттету туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. АФК қазақстандықтың уақытша спорттан шеттетілгенін баса айтты. Оның екінші допинг-тесті нәтижелері әлі күтілуде.

БАӘ чемпионатының жаңа маусымында Бауыржан Исламхан «Аль Айн» клубы сапында төрт матч өткізіп, бір пас берген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар