Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Екі тарап арасында диалогта экономика, индустрия және энергетика саласында бірлесіп, әрі қарай жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Cондай-ақ Макрон Қазақстан президентін Рефрендумның сәтті өтуімен құттықтады. Оның ел үшін маңызды шешім екенін тілге тиек етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты. 

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесетіндерін де айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар