Франция мен Канада Гренландияда консулдық ашты

cover Фото: haberler.com

Франция мен Канада Арктика аймағындағы дипломатиялық қатысуын күшейту мақсатында Гренландия астанасы Нуук қаласында бас консулдықтарын ашты, деп хабарлайды Orda.kz.      

Франция аралда консулдық ашқан Еуропалық Одаққа мүше алғашқы мемлекет болды. Франция бас консулы болып Жан-Ноэль Пуарье тағайындалды. Франция сыртқы істер министрлігінде Пуарьенің француз қауымдастығына консулдық қызмет көрсетумен қатар, ынтымақтастық жобаларын дамытуға және жергілікті билік органдарымен саяси байланыстарды нығайтуға жауапты болатынын атап өтті.

«Франция Данияның аумақтық тұтастығына құрмет көрсететінін растайды» деп жазылған ведомство хабарламасында.

Канаданың консулдық ашу рәсіміне елдің сыртқы істер министрі Ананд пен генерал-губернатор Саймон қатысты.

Консулдықтардың ашылуы Гренландия төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюі аясында жүзеге асып жатыр. Жыл басында АҚШ президенті Дональд Трамп аралды бақылауға алу ниеті бар екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Ол 21 қаңтарда Гренландия бойынша болашақ келісімнің негізі қаланғанын хабарлады. Бұған жауап ретінде 28 қаңтарда АҚШ, Дания және Гренландия өкілдері дипломатиялық дағдарысты реттеу мақсатында келіссөздерді қайта жандандырды.

Гренландияға төнген қауіп Ресей мен Қытайдан емес, Трамптан туындап отырғаны анық.

Еске салақ,  Трамп Гренландияның сатылуына қарсы болған бірқатар Еуропа елдеріне жоғары баж салығын енгіземін деп қорқытқан болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар