Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды

cover Фото: Новости Узбекистана

2006 жылғы әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне келісімін берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, алдағы 24–48 сағатта келісімшартқа қол қойылмақ.

Каннаваро бұған дейін Қытайдың «Гуанчжоу Эвергранд», Сауд Арабиядағы «Аль-Наср», Италияның «Беневенто» және «Удинезе», сондай-ақ Хорватияның «Динамо» клубтарын жаттықтырған. Бапкер ретінде оның басты жетістігі – 2019 жылы «Гуанчжоу Эверграндпен» Қытай чемпионатын ұту.

БАҚ мәліметінше, бұған дейін Өзбекстан футбол қауымдастығы Германия құрамасының бұрынғы бапкері Йоахим Лёвті шақыруды ойлаған. Бірақ ол ұсыныстан бас тартқан. Португалия мен Оңтүстік Корея құрамаларын басқарған Паулу Бентумен де келіссөздер нәтиже бермеген.

Еске сала кетейік, Ғылым министрі Саясат Нұрбек жуырда «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Спорт және туризм академиясынан грант табыстаған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар