Ержүрек бортсерікті әкесінің өзі соңғы сапарға шығарып салды
Коллаж: Orda.kz
Ақтауда құлап бара жатқан ұшақта жолаушыларды сабырға шақырған бортсерік Хёкюма Алиева соңғы сапарға аттанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Oxu.az порталының мәліметінше, бүгін, 29 желтоқсанда Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Embraer-190 жолаушылар ұшағының апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті. Қаза тапқан үш экипаж мүшесі - кеме командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерік Хекума Алиева бүгін II Құрмет аллеясында жерленеді.
Өмірінің соңғы минутына дейін өзінің кәсіби міндетін атқарған 33 жастағы Хёкюма Алиеваны әкесінің өзі соңғы сапарға шығарып салды.
Экипаж мүшелерінің әріптестері естеліктерін айтып, бортсерік қыздың шынайылығын тілге тиек етті.
«Хёкюма ханым өзінің кәсібилігімен ғана емес, әріптестерімен қарым-қатынаста шынайылығымен де ерекшеленді. Ол бәрімізге мәңгі үлгі болады. Ол қауіпсіздік ережелерін қатаң қолданатын. Сонымен қатар біздің батыр ұшқыштарымыз Игорь Кшнякин мен Александр Кальянинов жанқиярлық пен кәсібиліктің арқасында біздің жүрегімізде мәңгі қалады», - деді әріптестері.
Хёкюма Алиева 1991 жылы туған. Үйленген, бірақ балалары жоқ. Ол Баку мемлекеттік университетінің заң факультеті магистратурасын бітіріп, 2016 жылдан бастап AZAL авиакомпаниясында жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
- Өтеген батыр ауылында референдумға дауыс беріліп жатыр, бірақ кейбір тұрғындар қиындыққа тап болды
- Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр
- Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
- Қазақстанның жаңа конституциясына дауыс беру басталды, референдумға дайындыққа 70 мың адам қатысты
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды