Ержан Қазыханов президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды

cover KAZEMBASSY.ORG.UK

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Ержан Қазыханов 2017 жылдың ақпан айынан бері атқарған Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Ержан Ашықбаев тағайындалды.

Ал оның орнына Ақан Рахметуллин сыртқы істер министрінің орынбасары болып келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар