Ертіс өзеніне секірмекші болған қыз құтқарылды

cover

Семей қаласының полиция қызметкерлері қала тұрғынын құтқарып қалды. Патрульді өзенге секірмекші болып тұрған қызды байқаған жергілікті тұрғындар шақырды.

Ақпарат КТК телеарнасында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға орнына бірден екі экипаж келді. Полицейлер қызды қоршап алып, оны секіруден бас тартуға көндіре алды. Кейінірек ол өзін-өзі өлтіру ниетін өмірлік проблемаларымен түсіндірді. Жергілікті тұрғындар бұл жердің қауіпті екенін айтады. Полиция қызметкерлері үлгермегенде ағым әкеткен адамды кұтқару мүмкіндігі болмас еді.

—  Бізге өтіп бара жатқан адамдар ескі көпірден секірмекші болған қыз туралы айтты. Біз тез арада бардық. Азаматшаға көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қабылдадық, - деді Семей қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкері.