Ермұрат Бәпиден «Новичок» анықталған жоқ
Фото Orda.kz
Депутат Ермұрат Бәпиге Германияның Шарите клиникасынан диагноз қорытындысы келді.
Бұл туралы Болат Әбілов өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
«Германиядан жақында ғана оралған Ермұрат Бәпимен сөйлесіп отырмыз. Берлиннің «Шарите» клиникасынан жақында оралды. Ол жақта Ерекеңнің ағзасынан «Новичок» анықталған жоқ», – дейді Әбілов.
Ермұрат Бәпидің өзі денсаулығы жақсы екенін айтады.
«Денсаулығым әзірге жақсы, Германиядан диагнозым келді. Енді барып емделу керек. Жаныңызда аман-есен отырғаныма қарағанда ағзамда «Новичок» белгісі жоқ сияқты», – деді Ермұрат Бәпи.
Еске сала кетейік, Ермұрат Бәпидің өзі ағзасында «Новичок» типінде у болу мүмкіндігі туралы болжамымен бөлісті.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды