Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру - қылмыс

cover Фото: Бейнеден кадр

Ермұрат Бәпи әйелін шәкіртіне сыйға берген ер адамға шүйлікті. Депутат ер адам азаматтық неке туралы заңнаманы бұзды деп есептейді. Осылайша ол Бас прокурор Берік Асыловқа заң талаптарын қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бәпи діни дәрежесі күдікті адамдардың желіде ойына келген сандырағын айтуына жол бермеу керек деп есептейді. 

«Қарапайым діндарлар біздің ұлттық ұстанымымызды теңселтіп жатыр. Адамды сыйға тарту — адам сату. Бұл адам саудасын жасаған қылмысқа кіреді. Дін өкілі өз әйелін хайуаннан бетер етіп, ашық сыйға беруі қоғам алдында жазаланатын қылмыс саналуы тиіс», — деді ол. 

Бәпи подкасты жүргізген журналист Жанар Байсемізді де сынға алды. Ол журналистің әрекетін «нағыз хайп қуу» деп атады. Осылайша депутат БАҚ өкілдерін сапалы қызмет көрсетуге шақырды. 

Ермұрат Бәпи әлеуметтік желі арқылы дінді насихаттайтын, алауыздықты қоздыратын адамдарға әкімшілік жаза аздық етеді дейді. Оларды қылмыстық жазаға тартып, заңды қатаңдатуды ұсынды. 

Депутат қазақтың мерекелерін теріске шығаратын дін өкілдерін «харамы жоқ» елдерге көшіп кетуге шақырды. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар