«Ер адамды қорлаған»: P. Diddy-ге тағы да айып тағылып жатыр
coverФото: Angela Weiss/AFP via Getty Images
Америкалық рэпер P. Diddy-ге (шын аты — Шон Комбс) ауыр айыптар тағылды. Адвокат Тони Базби музыкантқа қарсы жаңа бес түрлі талап арыз беріп, оны сексуалдық зорлық-зомбылыққа, оның ішінде ер адамдарға жасалған әрекеттерге қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл іске 120-ға жуық жәбірленушінің қатысы бар екені айтылды.
Айыптар қатарында есірткі қолданып жасалған зорлық, кәмелетке толмағандарға қатысты әрекеттер және сексуалдық сипаттағы зорлықтар бар.
Жәбірленушілердің бірі Нью-Йорктегі кеште алкогольді сусын ішіп, есінен танып қалғанын айтады. Есін жиғанда, қара түсті қабырғалары бар бөлмеде, қара түсті төсекте оянған, зорлыққа ұшырағанын білген.
Майами мен Хэмптонс қалаларындағы оқиғаларда жәбірленушілерге сусындарына есірткі қосып, зорлық жасағаны туралы мәлімделді. Кейбір жәбірленушілер, соның ішінде 18 жастағы қыз бен 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім, бұл туралы айтса, өз өмірлеріне қауіп төнетінін айтып, қорқытқанын жеткізді.
Бұл істің тағы бір маңызды тұсы – адвокат Тони Базбидің өзіне де айып тағылғаны. Бір танымал тұлға Базбиді жалған айыптарды жарияладың деп қорқытып, ақша талап еткен.
Ал P. Diddy бұл оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда бұл жанжал қазірдің өзінде қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Жаңалықтар
- Атырауда жасөспірім биіктіктен құлап кетті
- Иран бойынша бейбіт келіссөздер 26 наурызда басталуы мүмкін
- Жүктілігін жасырған студент: Павлодарда жаңа туған сәбидің өлімімен аяқталған іс бойынша үкім шықты
- Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
- Астанада LRT-мен жол жүру құны белгілі болды
- Тоқаев Ердоғанмен 14 мамырда болатын кездесуді талқылады
- Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі атанды
- Ақмола облысының тас жолында фура жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты
- Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін
- Енді атыраулықтар Ташкентке тікелей ұша алады
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды
- Тағы бір танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
- Полиция Шахтинск қаласындағы өртке кінәліні ұстады
- Зеленский Ресей жаппай қауіпті соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді
- Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды
- Трамп Иранмен уақытша бітімге келді: Соғыс 5 күнге тоқтады
- Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті
- Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды
- Алдағы күндері оңтүстік өңірлер 28 градусқа дейін жылынады