«Ер адам экс-әйелінің мойнын кескен»: Шымкенттегі оқиғаның мән-жайы
Фото: Instagram/ Жамалхан Сейдахметов
Шымкентте ер адам әйелін пышақтады. Жәбірленушінің әпкесі қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлады Orda.kz.
9 сәуірге қараған түні төрт баланың анасы Ақмаралды бұрынғы күйеуі аяусыз ұрып, пышақтады.
Жәбірленушінің әпкесі Мәншүк Бубееваның айтуынша, Ақмарал шағын дүкен жалдап, кәсіп ашқан. Сол түні ол жұмыстан оралған кезде, үйінің алдында бұрынғы күйеуі белгісіз ер адаммен бірге оны бақылап, күтіп тұрады. Ер адам сөзге келмей, бұрынғы әйелін ұра жөнелген. Мәншүктің айтуынша, бірден ұрып, кейін мойнына пышақ салған. Онымен қоймай, әйелді тұншықтырған. Әйел естен танып құлайды. Күйеуі оны өлді деп ойлап, сөмкесін, дүкеннің кілтін, құжаттары мен шотындағы 500 мың теңгені алып тайып тұрады.
Мәншүктің айтуынша, бұл отбасыда бұған дейін де зорлық-зомбылық жиі болған. Ер адам тіпті олардың ата-аналарына да қауіп төндірген көрінеді.
Ер адам 8 сәуір күні әйелінің ата-анасына хабарласып, жақын арада бәрі бітетінін, оларды да өлтіретінін айтқан.
Жәбірленуші 2013 жылы күйеуімен ресми түрде ажырасқан, бірақ ер адам әлі күнге дейін әйелдің мазасын алады екен.
Ақмаралға мидың жабық жарақаты және тетрапарез диагнозы қойылды. Мәншүк әпкесі ешқашан төсектен тұрмай қала ма деп қорқады.
«Алғашқы күні біз тек дұғада болып, оның өмірі үшін күрестік. Оның аяқ-қолы қозғалмайды. Пышақ жарақаты жұлынға зақым келтірді. Дәрігерлер бір күні ол аяққа тұруы мүмкін дейді. Бірақ бұл екіталай», — деді жәбірленушінің жақыны.
Айта кетейік, Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің мойнына пышақ сұғып, өлтірмек болған еді.
Жаңалықтар
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды