Ер адам екі жыл еңбек құлдығында болған

cover Сурет ашық дереккөзден

Павлодар облысында 36 жастағы ер адам екі жыл бойы еңбек құлдығында болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті.

Павлодар облысының полиция департаменті мәжбүрлі жұмысқа тарту фактісін анықтады.

«1987 жылы туылған ер адам қорқыту және зорлық-зомбылық арқылы жақын маңдағы елді мекеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйге жеткізіліп, екі жыл бойы жұмыс істеуге мәжбүр болды», - деді ведомство басшысы брифингте. 


Аталған факті бойынша еңбек қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші үйіне оралды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар