Енді Қырғыстанның Жалал-Абад қаласы Манас деп аталады

cover Фото: Instagram/ @kg_media_news

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің үшінші ірі қаласы Жалал-Абадтың атын Манас деп өзгерту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қала атауын өзгерту туралы заңды ел парламенті 10 қыркүйекте қабылдады.

«Бұл заңның мақсаты — ұлттық идеологияны нығайту. Жалал-Абад қаласына ұлы Манас есімі беріледі. Ол халық қаһарманы, қырғыз халқын түрлі шапқыншылықтардан қорғаған батыр» деп хабарлады мемлекеттің ресми сайты. 

Жергілікті БАҚ әдетте айлар, тіпті жылдарға созылатын қаланың атын өзгерту процесі бұл жолы тым жылдам болғанын жарыса жазып жатыр. 

Айта кетейік, кеше, 17 қыркүйекте Жогорку Кенештің спикері Қырғызстанда парламент қашан тарайтынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар