Елордалық оқушы ерлігі үшін планшет пен миллион теңге алды

cover Orda.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек балконнан құлап бара жатқан бес жасар баланы аман алып қалған Ақан Әкімжановқа планшет пен миллион теңге сыйға тартты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Сондай-ақ әкім жетінші сынып оқушысының колледжге немесе университетке түсуіне көмектесуге уәде берді.

«Ақанмен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің ерлікке бергісіз батыл әрекетімен кішкентай қызды ажалдан алып қалды. Ата-анасына лайықты ұл өсіргені, дұрыс тәрбие бергені үшін алғыс айтамын!
Ақан оқуда да, спортта да жетістікке жетуде! Ұстаздары мен сыныптастары оны адал дос, ар-ожданы мол, жауапкершілігі мол оқушы ретінде айтады», – деп жазды әкім Instagram парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада балконнан құлап бара жатқан бес жасар баланы  аман алып қалған жетінші сынып оқушысы батыр атанған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар