Еліміздегі су тасқыны: прокурорлар төрт соталды тергеуді бастады

cover

Сәуірдің 6-сы күні Қазақстанның Бас прокуратурасы нақты елді мекендерді су басып, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық құрылыстардың және басқа да нысандардың бұзылу себептері анықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жоспарларының уақтылы және толық орындалуы зерделеніп жатыр. Қорытындылар бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға беріледі.

«Бүгінгі күні прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында төрт соталды тергеп-тексеруді бастады. Жергілікті прокурорлар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестіреді. Проблемалық аумақтарды қоршау және патрульдеу және азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілді» делінген хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар