Елімізде жасанды интеллект туралы заң жобасы әзірленуде

cover Фото: Orda.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары министрлікпен бірлесіп, ЖИ туралы заң жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму министрлігі Инновациялық даму департаментінің директоры Дархан Мырзабаев мәлім етті.

Брифинг барысында ЖИ туралы заң жобасы Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында ЖИ-ді құру, дамыту және пайдалану кезінде туындайтын ЖИ саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталатыны белгілі болды. 

Сандық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғара атап өткендей, IDC бағалауы бойынша жасанды интеллектке жұмсалған қаражат 2023 жылы 154 миллиард долларға жетті, өсім жылына шамамен 30%  болды. Bloomberg Intelligence мәліметтері бойынша генеративті AI нарығы шамамен 50 миллиард доллар болды.

«Бұл өзгерістер еңбек қатынастарына, PR және бизнес үлгілеріне айтарлықтай әсер етеді. Болжам бойынша 2025 жылға қарай AI технологиялары озық корпоративтік қосымшалардың шамамен 90%-ын қолдайды», - деді Рүстем Биғара ОКҚ алаңында.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар