Елімізде ұлттық киноны мемлекеттік қолдау құрылымы өзгерді
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстанда ұлттық киноны мемлекеттік қолдау бөлу құрылымы өзгерді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №113 «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық фильм деп тануға үміткер киножобаларды және ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету, бұл ретте жарғылық капиталында мемлекет 100% қатысатын, негізгі қызметі фильм түсіру болатын заңды тұлғаға мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінетін қаражаттан басқа, фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы мөлшерінде» деп жазылған үкімет қаулысында.
Құжат күшіне енді.
Аталған тармақшаның бұрынғы редакциясы былай болатын:
«Ұлттық фильм деп тануға үміткер киножобаларды және ұлттық фильмдерді, оның ішінде жарғылық капиталында мемлекет 100% қатысатын, негізгі қызметі фильм түсіру болатын заңды тұлғаны кемінде 35% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік қаржылық қолдау сомасынан қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету».
Orda.kz қазақ киносының, оның ішінде ұлттық ұлттық фильмдер мен оның айналасындағы дау-дамайлар туралы біршама зерттеу жүргізген болатын. Соның біразын төмендегі сілмелер арқылы оқып, бағамдай аласыздар.
Кезінде қазақ киносының қоржынына салатын ұлы туындылар шығарған, таланттар түлеген киелі мекен бүгінде қаңырап бос қалған. Тозығы жеткен ғимараттар, шаң басқан құрал-жабдықтар мен жартылай қираған павильондар... Есігін көпке аша бермейтін қазақ киносының қара шаңырағына жақында Orda.kz тілшілері барып, мән-жайды анықтап қайтты.
«Қазақфильм» киностудиясында «Қазақанимацияны» астыртын Астанаға көшіру жайлы дау туып, «Қазақфильм» аумағындағы жерлерді сату жайлы сыбыс тарады.
Жазушы, драматург Роза Мұқанова Ұлттық киноны қолдау орталығы жариялаған байқауға қатысып, өте алмаған, әрі әлеуметтік желілерде байқауды қатты сынға алған режиссер Талғат Теменовке жауап берді.
Сондай-ақ, режиссер Данияр Саламат қазақ кино өнерінің қазіргі жағдайын сынға алып, өз пікірін білдірді.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін