Елімізде қылмыстық іздестіру қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде
Фото: Бейнеден скриншот
Қазақстанда қылмыстық іздестіру қызметкерлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды Orda.kz.
«5 қазан – ішкі істер органдарының бірнеше буынына таныс күн. Кеңес милициясында бұл күні Қылмыстық іздестіру күні атап өтілетін. Бұл – заң мен тәртіпті тәулік бойы күзеткен жедел уәкілдердің кәсіби мерекесі. Бұл дәстүр біздің жадымызда сақталған, өйткені тарихсыз болашақ жоқ. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары қылмыстық іздестіру қызметі қайта құрылып, бірнеше арнайы қызметтің – криминалдық полицияның, ұйымдасқан қылмысқа, кибер және есірткі қылмыстарына, экстремизмге қарсы бөлімlердің негізін қалады» деп жазды бүгін ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, бұл – уақыт талабына сай қойылған жаңа міндеттердің көрінісі.
«Бүгін қылмыстық іздестіру саласына өмірін арнаған ішкі істер органдары ардагерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. Олардың тәжірибесі мен адалдығы – қазіргі жедел қызметкерлер үшін үлгі. Қызмет атқарып жүргендерге төзімділік, ұстамдылық және кәсіби абырой тілеймін. Заң мен тәртіп жолындағы қызметтеріңіз абыройдың, жауапкершіліктің және адалдықтың үлгісі болсын» деп қосты Сәденов.
Мереке қарсаңында еліміздің әр өңірінде салтанатты шара өтуде.
Еске салсақ, бүгін - 5 қазан күні Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың туыстары Алматы қаласындағы орталық мәйітханадан оның денесін ала алмай отырғандарын айтып, президентке үндеу жолдады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды