Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды

cover Фото: WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы – Women’s Tennis Association (WTA) соңғы турнирлерден кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Тізім бойынша қазақстандық теннисші алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Orda.kz.

Indian Wells Open турнирі аяқталғаннан кейін рейтингте өзгерістер болды. Аталған жарыста Рыбакина жекелей сында финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингте үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Осылайша ол мансабындағы ең жоғары көрсеткішін жаңартты.

Қазір рейтингтің бірінші сатысында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Ол Indian Wells Open турнирінде чемпион атанды. Үздік үштікті Польша теннисшісі Ига Швёнтек түйіндейді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, қазір әлемдік рейтингте 75-орынға орналасты.

Жұптық сында да қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Анна Данилина Indian Wells Open турнирінде финалға дейін жетіп, әлемдік рейтингте төртінші орынға шықты. Бұл – оның жеке рекорды. Оның серіктесі, сербиялық теннисші Александра Крунич сегізінші орында тұр.

Ал жұптық рейтингтің көшбасшысы – бельгиялық теннисші Элизе Мертенс.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар