Ел бойынша тоғыз облыстың жолы жабылды

cover

11 ақпан күні таңертең Қазақстанның тоғыз облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Orda.kz.

▪️Ақтөбе облысы – 3 учаске (550 шқ):

«Самара – Шымкент» бағыты Бекқұл баба ауылынан Хромтау қаласына дейінгі учаскелер. Хромтаудан Қызылорда облысының шекарасына дейін.

«Қарабұтақ – Комсомол – Денисовка – Рудный – Қостанай» бағыты, Қарабұтақ ауылынан Комсомол ауылына дейін.

▪️Алматы облысы – 1 учаске (84 шқ):

«Алматы – Ташкент – Термез» тас жолының  учаскесі, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін.

▪️Атырау облысы – 1 учаске (231 шқ):

«Ақтөбе – Атырау – Астрахань» бағыты Атыраудан Құрманғазыға дейін.

▪️Шығыс Қазақстан облысы – 1 учаске (160 шқ):

Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» бағыты.

▪️Жамбыл облысы – 1 учаске (450 шқ):

«Алматы – Ташкент – Термез» бағыты Алматы облысы шекарасынан Түркістан облысының шекарасына дейін.

▪️Қостанай облысы – 1 учаске (83 шқ):

«Жезқазған – Петропавл» бағыты Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін.

▪️Қызылорда облысы – 1 учаске (815 шқ):

«Самара – Шымкент» бағыты Ақтөбе облысының шекарасынан Түркістан облысына дейінгі учаске.

▪️Түркістан облысы – 2 учаске (283 шқ):

«Самара – Шымкент» тас жолының Қызылорда облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейінгі учаскесі;

«Алматы – Ташкент – Термез» бағыты, Жамбыл облысының шекарасынан Шымкентке дейін.

▪️Ұлытау облысы – 1 учаске (115 шқ):

«Жезқазған – Петропавл» бағыты, Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін.

Республикалық маңызы бар жолдарда 191 техника мен 268 адам жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар