«Екі жәбірленуші бар»: Хасан Қасымбаев тағылған айыптарды жоққа шығарды
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
Мемлекеттік айыптаушылар Хасан Қасымбаев пен оның қасында серіктес болған тұлғалардың оқиға күні не істегені жайлы айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысында прокурор Қасымбаевтың жеке адамға және мүлікке қарсы ауыр қылмыс жасағанын мәлімдеді.
«Тергеу деректеріне сәйкес, Қасымбаев және сыбайластары кәсіпкер Аюпжан Тәжиевтен ақша бопсалау мақсатында күш қолданған. Олар жәбірленушіні алдап алып шығып, соққыға жығып, 1 миллион теңге талап еткен. Салдарынан Тәжиев ауыр жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген», – деді прокурор.
Сондай-ақ, 2020 жылы Қасымбаевтың ұйымдастыруымен тағы бір топтасып шабуыл жасалғаны белгілі болды. Прокурордың сөзінше, жәбірленуші Әлімовті дүкен маңында соққыға жығып, кейін оны көлікпен алып кеткен. Оны ауыл сыртына апарып, бейнекамераға түсіріп ұрып-соққан. Сараптама қорытындысы бойынша, ол көру қабілеті нашарлап, жалпы еңбекке жарамдылығын 30 пайызға жоғалтқан.
Осы деректер бойынша Қасымбаев пен оның серіктестеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, тікелей ақпарат таратып отыр.
Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.
Әлиев «бұзақылық» әрекетін мойындағанымен, қалған айыптарды теріске шығарды. Қалымжанов бұзақылықты ішінара ғана мойындап, өзге баптар бойынша кінәсін жоққа шығарды. Ақтанов айыбын мойындаған жоқ. Асқаров та толықтай кінәсін жоққа шығарды. Сұлтанбеков те өзіне тағылған айыптарды толықтай теріске шығарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаевтың алдыңғы сотында прокурор Назгүл Таукенбайды сот залынан шығарып жіберген болатын.
2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған.
Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Жаңалықтар
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр