Екі тәулік бойы шетелдік әуежайдың депортациялық камерасында отырған балаға қатысты Air Astana-ның үстінен жаңа арыз түсті
Коллаж: Orda.kz
Сот Air Astana компаниясының түрік әуежайындағы депортация камерасында екі тәулік жалғыз отырған өскемендік он жасар баланың анасының талап-арызын қарайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұрын хабарлағанымыздай ол достарымен бірге үлкендердің ертуінсіз Анталиядағы футбол жиынына аттанған болатын. Паспорттық бақылаудан өту кезінде оның құжатынан кикілжің шығып, Air Astana қызметкерлері оны шет мемлекеттің транзиттік аймағында қалдырып кетті.
«Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты біздің талаптарымызды өндіріске қабылдады, іс бойынша дайындық белгіленген. Air Astana талап-арызды мойындамайды, себебі олар ұшақ бортындағы жолаушылардың жеке заттары үшін жауап бермейміз деп есептейді. Сондай-ақ, компанияның түсіндіруінше, егер баланың төлқұжаты шығарып салатын автобуста жоғалғаны анықталса, онда олар жауап бермейді, себебі тасымалдау шарты бойынша жолаушы ұшақтан шыққаннан кейін олардың міндеті аяқталады екен», - деді баланың мүддесін қорғайтын адвокат Дәнелхан Шағатаев өз телеграм-арнасында.
Ол мәселе ересек жолаушы туралы емес, қалай әрекет етуді білмейтін және қандай да бір жауапкершілікке тартылмайтын кішкентай бала туралы болып отырғанын атап өтті.
«Оған құжат үшін жауапкершілік жүктеуге болмайды. Баланың құжаттары авиакомпанияға тапсырылған, бірақ Анталия әуежайына ол құжатсыз қонған», - дейді адвокат.
Шағатаевтың айтуынша, жағдайды авиациялық инспектор зерттеген. Ол авиакомпанияға ересектердің ертіп жүруінсіз ұшатын кәмелетке толмағандардың құжаттарына бақылауды күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, ол барлық құжаттардың дұрыс және жарамды екеніне көз жеткізу үшін тіркеу кезінде, отырғызу алдында және баланы әуежайда қарсы алатын тарапқа тапсыру алдында міндетті үшжақты тексеру енгізуді ұсынды.
Анталия әуежайында қалған баланың оқиғасын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті