«Егемен Қазақстан» газетіне арналған қағаз жарты миллиард тұрады

cover

Республикалық екі газеттің қағазына 800 миллион теңгеден астам ақша жұмсалмақ.

«Егемен Қазақстан» газеті 512 173 970 теңгеге қағаз сатып алуды жоспарлап отыр. Тауар саны - 1 944 546 кг, ал бірлігі 263 теңгені құрайды.

Екінші республикалық газет «Казахстанская правда» қағазға 293 484 602 теңгені жұмсайды. Олар 1 114 216 кг көлемінде тауар сатып алуды жоспарлап отыр. Бірліктің бағасы 263 теңгені құрайды.

«Сатып алынған тауарлардың өзіндік құнына мыналар кіреді: әлеуетті жеткізушінің тауарларды газет басып шығарылатын типографиялардың қоймаларына тасымалдаумен байланысты барлық қосымша шығындары; тиеу, түсіру, сақтау, сондай-ақ пресс-цехқа тасымалдау қажеттілігімен байланысты шығындар. Тауарларды жеткізу қоғамда бекітілген газет қағаздары қалдықтарының нормаларын ескере отырып, газет шығарудың жоспарланған нөмірлеу кестесі бойынша типография анықтайтын аймақтық баспаханалардың қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады», - делінген лоттың сипаттамасында.

Тауарларды жеткізу мерзімі: ай сайын 2021 жылдың соңына дейін.

Тауарларды жеткізу орны: Нұр-Сұлтан, Қостанай, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Орал, Атырау, Павлодар, Өскемен, Қарағанды қалалары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар