ЕАЭО орталық органындағы басшылық лауазымға қазақтың екі аруы бірден тағайындалды
Фото: ЕЭК баспасөз қызметі
Бірден екі қазақстандық әйел Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) орталық органы - Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) басшылық лауазымдарға ие болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Еуразиялық экономикалық комиссияда - жаңа тағайындаулар болды. ЕЭК монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары болып Динара Мұқаева, ЕЭК энергетика департаменті директорының орынбасары болып Эльмира Арапова тағайындалды» деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
Мұқаева 2022-2025 жылдары Абай облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (АЗРК) аумақтық департаментін басқарды, бұған дейін 2020-2022 жылдары АЗРК картельдермен күрес басқармасын басқарды, ал одан бұрын - 2008-2020 жылдары Қазақстанның монополияға қарсы органдары жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Арапова 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы мамырға дейін Қазақстан Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары болды, бұған дейін 2010 жылдан 2024 жылға дейін Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды, ал бұдан бұрын 2008 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінде жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды