Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты

cover Фото: newsroom.kz

Дубай халықаралық әуежайы қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.      

Билік өкілдерінің мәліметінше, шешім жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және ұшу экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

«Барлық шаралар қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатыр», деп хабарлады әмірлік билігінің медиа кеңсесі. 

Сондай-ақ Emirates әуе компаниясы әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істеп жатқан кезеңде Дубайға барлық рейстерді және қаладан ұшып шығатын рейстерді уақытша тоқтатты.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуежай аумағына ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты  Таяу Шығыс бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатқан еді. Кейін Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін шектеулі мөлшерде арнайы рейстер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытқа дейін 10 астам рейс орындалып, олардың көмегімен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар