Доллар бағамы төмендей бастады

cover

Доллар бағамы теңгеге қатысты төмендей бастады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 429,67 теңгені құрады. Айта кетейік, 15 сәуірдегі доллардың ресми бағамы 430,99 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы 431,16 теңге, ал сатып алу бағамы - 429,66 теңге.

Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орта есеппен 429,95 теңгеден сатады, 428,77 теңгеден сатып алады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар