Директор жұмыстан шығарылды: Атырауда мектеп автобусы асқа бару үшін қолданылды

cover Фото:envato

Атырау облысында мектеп директоры асқа бару үшін мектеп автобусын қолданғаны үшін «жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Бөкейхан ауылындағы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің мұғалімдері мектеп автобусын пайдаланған. Мұғалімдер жолақысын төлеп, ас өтетін жерге барған.

Алайда, жұртшылық мектеп автобусы тек оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылуы тиіс болғанын айтып, бұл әрекетке наразылық білдірді.

«10 ақпан күні ауданның барлық мектептеріне мектеп автобустарын жұмыс уақытынан тыс пайдалануға тыйым салынғаны туралы ескерту хаттар жіберілді. Осыған қарамастан, Фариза Оңғарсынова атындағы мектептің автобусы жұмыс уақытынан тыс қолданылды. Қызметтік тергеу нәтижесінде мектеп директоры қызметінен босатылды»,  деп хабарлады аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров.

Жұмыстан босатылғаннан  ол физика пәнінің мұғалімі болып жұмысын жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар