Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды

cover Фото: Видеодан кадр

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

20 жылға бас бостандығынан айырылған Дикий Арманның сыбайласы Дубай қаласында ұсталды. Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Күдікті шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 

Қазіргі уақытта Дикий Арманның сыбайласы Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

«Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, қаңтарда Дубайда Дикий Арманның досы әрі ұлттық банктің бұрынғы басшысы Қайрат Келімбетовтің күйеу баласы Жанболат Серіков ұсталған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар