Денсаулық сақтау министрлігі тегін алуға болатын дәрі-дәрмектер тізімін ұсынды

cover

Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде науқастарға тегін тағайындалатын дәрі-дәрмектер тізіміне айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жаңа тізбесінің жобасын жариялады. Оның ішінде жекелеген азаматтар санаттарын жекелеген аурулармен амбулаториялық деңгейде ақысыз және субсидияланған дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған медициналық өнімдермен қамтамасыз етуді жариялады.

Тізімде бірнеше өзгерістер бар. Ауруларды емдеуге арналған медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі дәрі-дәрмек тізімдері азайды. Денсаулық сақтау министрлігі алынып тасталған көптеген дәрілерді міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша берілетін дәрі-дәрмектер тізіміне қосты.

Жобаның қоғамдық талқылауы 2021 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар