Денемде 60-тан астам жарықшақ қалды деген Берденов Қытайда жүр

cover Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде кәсіпкер Руслан Берденовтің Қытайда түскен суреті тарап кетті. Суретті кәсіпкер Сырымбек Тау өз парақшасына жүктеп, көп өтпей өшіріп тастады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сырымбек Тау Бейжіңде «Sandyq» мейрамханасы ашылғаны туралы айтты. 2021 жылы Руслан Берденов серіктестерімен бірге бірнеше қалада «Sandyq» мейрамханалар желісін іске қосқан еді. Сырымбек Тау жариялаған суретте Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де бар. 

«Біз Бейжіңде «Sandyq»мейрамханасын ашамыз. Бұл жобаны мемлекет басшысына таныстырамыз», — деді жоба өкілі Нұржан Ниязалиев.

Ал ең қызығы, Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқанына байланысты сот отырыстарына қатыса алмағанын айтып, кейіннен қашықтан байланысқа шыққан еді. 

Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесінде Берденовтің денесіндегі жарақаттардың суреті де көрсетілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар