ДДСҰ коронавирустың зертханадан шығуын жоққа шығармады

cover Фото: Kevin Frayer / Getty Images

Қазір дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «коронавирустың қолдан жасалу» ықтималдығын зерттеп жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, коронавирус қолдан жасалуы әбден мүмкін. Ол Қытай деректерді бермегендігін алға тартып, зерттеудің екінші кезеңінде Қытайды жалтартпауға шақырды.

– Біз Қытайды серіктестіккке, деректерді жариялауға дайын болуға шақырамыз. Мен өзім зертханада жұмыс істеген иммунологпын, сондықтан зертханаларда оқыс оқиға болып тұратынын білемін. Бұл жиі кездесетін дүние. Бізге зертханадағы жағдай ауру таралмай тұрып қандай болғанын көрсететін ақпарат қажет. Егер біз қажетті мағлұматтарға қол жеткізсек, онда коронавирус зертханадан шыққан деген нұсқадан біржолата бас тартамыз, - деді Гебрейесус.

Еске салсақ, АҚШ Қытай коронавирусты қолдан жасаған деп айыптаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар