Дәулет Тұрлыханов Қазақ күресі федерациясының басшысы қызметінен кетті

cover Фото: Prosports.kz

Белгілі қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыханов грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Orda.kz.       

Ол бұл туралы 5 желтоқсан күні ұйымның Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін мен Қазақстан күресі федерациясының президенті лауазымындағы қызметімді аяқтауға шешім қабылдадым» деп жазды Турлыханов. 


Наурыз айында Дәулет Тұрлыханов UWW Asia президенті қызметінен босатылған болатын.

Ол бұл лауазымға 2017 жылы Нью-Делиде өткен конгрессте сайланып, сегіз жыл бойы қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде Азия балуандары халықаралық ареналарда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

 2025 жылы Амманда (Иордания) Азия чемпионаты қарсаңында өткен Бас ассамблеяда жаңа президент сайланды. 38 елдің өкілдері дауыс берген сайлауда иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала 34 дауыспен жеңіске жетіп, 2028 жылға дейінгі мерзімге президент болып бекітілді. Бұл Иордания мен бүкіл араб әлемі үшін тарихи жеңіс саналады, себебі елде күрес спорты кеңінен дамымаған.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың ұлына берілген шартты жаза заңгерлер Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққаны үшін нақты мерзімге ауыстырылған еді. 




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар