Дәрігерлердің салғырттығы: Меруерт Ауылбаеваның өліміне қатысты іс ақыры сотқа жетті
Коллаж: Orda.kz
Балқаш қаласының тұрғыны Меруерт Ауылбаева соқыр ішек болып, ауруханаға түседі. Алайда жасалған отадан кейін көз жұмды. 2023 жылдың қарашасында болған қайғылы оқиғадан кейін арада бір жарым жыл өткенде ғана қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл іске байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі 2025 жылдың күзінде аяқталады. Осынша уақыт бойы марқұмның ағасы Айтбек Ауылбаев әділ тергеу жүргізілуін талап етіп келді. Тергеу аяқталғаннан кейін ол істің егжей-тегжейін мәлімдеді.
Айтбектің айтуынша, қарындасы 2023 жылдың 27 шілдесінде «жедел перитонит» диагнозымен ауруханаға түскен. Дәрігерлерде іш қуысындағы қабынуды растайтын ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) қорытындысы болған. Алайда ота тек 3 тамызда, яғни, ауруханаға жатқызылғаннан кейін бір апта өткен соң ғана жасалған.
«Оны неге жеті күн ұстады? Неге бірден ота жасалмады? Әдетте соқыр ішек болған науқасқа бірнеше сағаттың ішінде ота жасайды. Меніңше, дәл сол кезден бастап оның жағдайы нашарлай бастаған», — деп жазды Айтбек Ауылбаев әлеуметтік желіде.
Сот-медициналық сараптама мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті жүргізген тексеріс бұл кідіріс өлімге алып келген өрескел қателік болғанын растады.
Отадан кейін Меруерт ауруханада бір айға жуық жатқан. Туыстарының айтуынша, оны дене қызуы жоғары болғанына қарамай, үйіне жіберген.
«Отаны уақытында жасамағаны аздай, тіпті тілікті де дұрыс жерден жасамаған. Бұл іш қуысын толық тазартып, өңдеуге мүмкіндік бермеген», — дейді марқұмның ағасы.
Меруерттің жағдайы одан әрі нашарлай берген. Емханаға бірнеше рет барғанымен, ем қонбаған. Кейін Қарағандыдағы жеке «Alanda» клиникасына жүгінген. Онда дәрігерлер оған отадан кейінгі сепсис диагнозын қойған. Бірақ әйелді ауруханаға жатқызбаған. Керісінше, Балқашта ота жасаған хирургқа барып қаралуды ұсынған.
Айтбектің айтуынша, кейінгі хирургиялық оталар Меруерттің жағдайын одан сайын ушықтырған. Өлім туралы куәлікте өлім себебі ретінде Крон ауруы көрсетілген.
Алайда ағасы бұл диагноздың негізсіз енгізілгеніне сенімді. Бұл тұжырымды тексеріс пен сот-медициналық сараптама да растаған.
«Орда» бұл іске қатысты сотты бақылап, ақпарат таратады.
Еске сала кетсек, тілшіміз Айтбек Ауылбаевтан сұхбат алған еді. Ол сұхбатта марқұм әпкесі Меруерт Ауылбаеваның дәрігерлердің салғырттығынан қаза болғанын айтқан еді.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады