Дариға Назарбаева Дикий Арманды түрмеден құтқарып қалды
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева «Дикий Арманды» түрмеден арашалап алды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Шымкенттің экс-әкімі Амалбек Тшанның сөзіне сүйенсек, Дикий Арман оның жиенін соққыға жыққан.
«Дикий Арман асып бара жатқан ешкім емес. Қасына он-он бес адам жинап алып жүрген адам өзінше батыр болады ғой. 2005-жылдары депутат болып жүрген кезде Дикий Арманның іс-әрекетіне куә болғанмын. Жиенім, туған қарындасымның баласының автобазары болатын. Соны басқаратын. Сол жерге Арман көлігін сатайын деп барған. Жиенім дәу жігіт болатын. Соны бұлар 4-5 адам жабылып, әбден ұрып, өлердей сабап тастаған. Ол кезде депутатпын. Прокуратураға беріп, сол кезде қаматқанбыз», - деді ол сұхбатында.
Бұрынғы әкімнің сөзінше сол жайтқа Дариға Назарбаева араласып, Дикий Арманды түрмеден аман алып қалған дейді.
«Артынша Дикий Арманды Дариға Назарбаеваның тікелей араласуымен шығарып алды. Парламентте де бұл мәселені көтергенмін. Парламентте Дикий Арман билікпен сыбайлас болып, осындай тірліктер істеп жатқанының бәрін айттым. Артынша оны босатты. Оның хаты бар. Менде хатының көшірмесі әлі күнге дейін бар.
...Бәрі болған оқиға. Сол кездегі биліктің көзін әбден шел басып кеткен. 2005-2006 жылдары басталған, одан бері қанша заман өтті?!», - деді мемлекет қайраткері.
Ол парламент жиналысында «Дикий Арманға» және оның билікпен байланысына қатысты мәселе көтергенін атап өтті.
«Егер «Дикий Арман» сияқты қарақшылар билікпен байланысты болса, біз қандай халықпыз? Билік мұндай қарақшыларды жақтаса, ақыры біз қайда барамыз?», – деді мемлекет қайраткері.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасындағы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 24 адамды ұрлады деген айып тағылды. 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталды. Хабарланғандай, Арманның ұйымдасқан қылмыстық тобын ҰҚК қызметкерлері қадағалаған - бұл ақпарат 2023 жылдың 5 қаңтарында ресми түрде расталған.
2024 жылдың 8 ақпанында Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына қатысты «Дикий Арман» ұйымдасқан қылмыстық тобының күдікті мүшелері ұсталғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті