Дана Әтешова сотталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Астанада Марат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне денсаулыққа зиян келтіргені үшін айыппұл салынды.
Бұл турал елордалық сот хабарлады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешеваны үй иесінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
2024 жылғы 23 тамызда сот Әтешеваны балаларымен мәжбүрлеп көшіру кезінде үй иесі М.-ны үйге кіргізбей, кедергі келтіргенін анықтады. Оқиға кезінде ол жәбірленушіні ұялы телефонмен ұрып, оны тістеп, нәтижесінде дене жарақатын салған.
Әтешеваның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасы қорытындысымен және басқа да іс материалдарымен расталды. Прокурор 110 760 теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салуды сұрады, ал қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығы үшін істі қысқартуды талап етті.
Сот Әтешеваның жеке кәсіпкер екенін және үш кішкентай баласы бар екенін ескере отырып, жазаны жеңілдетіп, 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Соттың ресми мәлімдемесінде процеске қатысушылардың аты-жөні айтылмай, тек инициалдары ғана көрсетілген. Алайда Астана сотының баспасөз қызметі бұл істің шынымен Дана Әтешеваға қатысты екенін растады.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін ерлі зайыптылардың сот отырысына қатысқан болатын. Orda.kz жазған мақалада таңда елімізде көбейіп кеткен ажырасу мәселесін көтерді. Статистикалық деректерге зер салсақ, 2023 жылы жалпы ажырасу Қазақстан бойынша 40,2 мың рет тіркелді. Толығырақ сол мақаладан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды