Дәрігерлер 23 жастағы қызға екпенің 6 дозасын бірдей салған

cover

Екпе алуға келген 23 жасар қызға медбике қателесіп, алты дозаға есептелетін ампуланы түгелдей салып жіберген.

 — Италия тұрғынына Pfizer және BioNTech вакцинасының алты дозасын салып жіберген, бұл оқиға дәрігердің абайсыздығынан болды, – деп жазады Medical Xpress.

Аталған оқиға кейіпкері Италияның Масса-Каррара провинциясындағы ауруханаға вакцина салдыруға барған. Ал медбике қателесіп, науқасқа алты дозаға есептелетін ампуланы толығымен салған. Негізі, төртеуден көп болса, артық мөлшерде доза салынған болып есептеледі.

Вакцинадан кейін науқастың басы ауырып, өзін шаршаңқы сезініп, қолы ауырған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Жағдайы қалыпты, сұйықтық көп ішеді және парацетамол қабылдап жатыр. Дегенмен жәбір көрген қыз мейірімді болып шықты, ол қателескен медбикені сотқа бермейтінін мәлімдеп үлгерді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар