Черчесов мемлекет тілін меңгере бастады

cover Фото: kff_team

ҚФФ футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мемлекеттік тілді меңгеруге талпынып, алғашқы сабағына қатысып үлгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

«Қазақстан футбол федерациясы әрқашан қазақ тіліне басымдық береді. Сонымен бірге ҚФФ-да қазақ тілін оқыту курстарынан бөлек, қазақ тілін дамыту комитеті де жұмыс істейді» делінген хабарламада.


Қонақ лектор Қанат Тасыбеков жыл соңына дейін бас бапкердің қазақша сөйлеуіне барынша күш салатынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар