CapitalBank Kazakhstan банкі лицензиясынан айрылды

cover

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «CapitalBank Kazakhstan» АҚ лицензиясынан айрылды деп мәлімдеді. Салымшылар өз депозитін өндіріп ала алады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Банк нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзып отырғаны анықталды. Ол қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде орындамай, банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамай, Capital Bank Kazakhstan банкінің төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызылды. Сондықтан енді ол операцияларды жүргізбейді және бағалы қағаздар нарығында қызмет ете алмайды.

Банкте 38,5 млрд теңге активтері бар және 33,9 млрд кредит портфелі болған.

Анықталғандай, банк 67 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банк салымшыларының 99%-ының депозитін өтеп береді.

Барлық сұрақ бойынша Capital Bank Kazakhstan АҚ-тың уақытша әкімшілігіне +7 (727) 331 66 77 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар